Ер адамның жейдесін қалай жуу керек?


Ер адамның ұқыпты киінуі әйеліне байланысты. Азаматыңызға киім алып берумен қатар ол киімді дұрыс күте білу керек. Сондықтан, бүгін біз сіздерге ер адамның жейдесінің күтімінің қыр-сырларын ашып береміз.

Ер адамның жейдесінің күтімі бөлек. Басқа киімдерге қарағанда оның жағасы, жең бүкпесі сияқты өз ерекшеліктері бар. Сол себептен, ер адамның жейдесі өзгеше күтімді талап етеді. 

1. Жейдені жумас бұрын міндетті түрде киімнің затбелгісінде көрсетілетін күтім кеңестеріне назар аударыңыз. Мысалы, легенге салып тұрған қолдың белгісі киімді тек қолмен жуу керек дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұл киімді қанша градуспен жуу керектігі көрсетіліп тұрады. 

2. Ең алдымен, жейденің жағасындағы, жең бүкпесіндегі түймелерін тағыңыз. Қалтасынан барлық заттарды алып тастаңыз.  

3. Жейденің жағасы мен жең бүкпесі қатты кірленген болса, оларға арнайы кір жуатын сұйқтықтар немесе дақ кетіретін нәрселерді қолданып, бірнеше уақыт күтіңіз. Алайда, щеткамен ысқылағаннан аулақ болыңыз. Ол жең бүкпе мен жейде жағасының деформациялануына және матаның бұзылуына әкелуі мүмкін. 

4. Ақ, түрлі-түсті және қара жейделерді бірге жумаңыз — түстері араласып, жейденің боялып кетуі әбден мүмкін. Сіздің мақсатыңыз, керісінше, жейденің өз түсін сақтап қалуды қамтамасыз ету. Қазіргі кір жуатын ұнтақтардың, кондиционерлердің құрамында киімнің түсін ұзақ уақыт бойы сақтап қалуға мүмкіндік беретін қоспалар бар. 

5. Егер жейдені қолмен жуатын болсаңыз, оны алдын ала 20 минутқа кір жуатын ұнтақ араласқан жылы суға салыңыз. Одан кейін әдеттегідей жуып, шайып, киім ілгішке іліп кептіріңіз. Жейдені еш уақытта қолыңызбен сықпаңыз!  

6. Жейдені кір жуғыш машинамен жуған кезде нәзік маталарға арналған режимді қолданған жөн. Барабанның ішінде жейдені сығу мен кетпітруден аулақ болыңыз. Ол жейденің жең бүкпесі мен жағасының деформациялануына әкеледі. Кептірген кезде киім ілгішке іліп кептіріңіз.

7. Судың температурасы 40 градустан аспаған абзал. Олай болмаса, түрлі-түсті жейденің бояуы шығып кетуі, ал ақ жейделер сұр түсті болып кету қауіпі бар. Қазіргі кір жуғыш ұнтақтар төмен градуста та кірлер мен дақтарды кетіре алады. 

Тағы бір маңызды нәрсе. Ер адам жейдесін күн сайын ауыстырып тұру керек. Тек сол кезде ғана ол киім азаматыңызға ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Арнайы иістендіргіш сулар мен әтірлерді еш уақытта жейденің үстіне сеппейді. Таза денеге сеуіп барып, жейдені кию керек.

Источник: http://comode.kz/post/domashnjaja-rabota/er-adamny-zhejdesin-alaj-zhuu-kerek/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *